Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучмамен кездесті деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Кездесуде Назарбаев пен Кучма Украинадағы жағдайға қатысты пікір алысқан. Ресми ақпаратқа қарағанда, Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынас бұрыннан достық, өзара пайдалы ынтымақтастық аясында дамығанын айтқан. Назарбаев бұған қоса Қазақстанның Украинаға гуманитарлық көмек көрсету жайын қарастырып жатқанын айтқан.
Ал Кучма екі елдің түрлі саладағы байланыстарын нығайтудың маңыздылығын айтып, қатынас жаңа деңгейге көтеріледі деген үміті барын білдірген.
http://www.azattyq.org/content/news/26624482.html