АЛТЫНОРДА
Новости

Түркия күрдтері Анкарадан Кобаниді қорғауды талап етті

Түркияда тұратын күрдтер 7 қазанда үкіметтің саясатына қарсы жаппай наразылық шерулеріне шықты. Күрдтердің пікірінше, үкімет Сирияның Түркиямен шекарасындағы радикалдық «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары қоршауға алған Кобани қаласын қорғаушыларға тиісті көмек көрсетпей отыр.

Полиция Стамбул, Диярбакыр, Анкара, Мерсин және Адана қалаларындағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су шашты. Жергілікті ақпарат құралдары қақтығыстар кезінде тоғыз адам қаза тауып, ондаған адам жараланғанын хабарлады. Түркияның оңтүстігіндегі Мардин провинциясының кейбір аудандарында коменданттық сағат тәртібі жарияланған.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Кобанидің кейбір жекелеген бөліктеріне бақылау орнатқан. АҚШ әскери-әуе күштері экстремистердің шабуылын әсірету үшін әуеден соққылар берді. Бірақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, қала жақын уақытта содырларға берілуі мүмкін. Сириялық босқындар лагеріне барғанында Ердоған «Біз жерде бірлескен операцияларды жүргізбейінше террор аяқталмайды» деп мәлімдеді.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141008/330/330.html?id=26626417