Қазақстандық шекарашылар автобусқа жасырылған, салмағы 4 килограмм болатын марихуана есірткі затын тапты.
«Семей» бақылау-өткізубекетінің бақылаушылары қызметтік иттің көмегінің арқасында 4 килограмм есірткі затын жасырып әкетіп бара жатқан 19 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады.
Ұсталған азамат «Семей — Карастели» автобусымен сапар шегіп барады екен. Оның қолжүктерін қарау кезінде жалпы салмағы 4 килограмм болатын марихуана табылды.
Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі