АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

АҚШ қорғаныс министрі отставкаға кетпек

АҚШ президенті Барак Обама қорғаныс министрі Чак Хэйгелдің отставкаға кететінін растады. Қарашаның 24-інде Ақ үйде сөйлеген Обама Хэйгел «қызметімді аяқтайтын уақыт жетті» деп айтқанын келтірді.

Обама екі жыл қорғаныс министрі болған Хэйгелді «үлгілі министр» деп атап, оны сенат жаңа министрдің кандидатурасын бекіткенше қызметінде бола тұратынын айтты.

Хэйгел Ауғанстандағы терроризмге қарсы кампания мен Сирия және Иракта радикалды «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы операцияларға наразылар билікті сынға алған тұста отставкаға кетіп отыр.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26708873