АЛТЫНОРДА
Новости

Лукашенко: Ресеймен доллар және еуромен есептесу керек

Беларусь президенті Александр Лукашенко ел үкіметіне «Ресеймен сауда-саттықта АҚШ доллары және еуромен есеп айырысуға» бұйрық берді.

Желтоқсанның 18-інде Минскіде үкімет жиынында сөйлеген Лукашенко: «Ресеймен саудада доллармен есеп айырысуды бастау туралы міндеттер нақтыланды» деді. Ол «Беларусь Ресейден барлық төлемді тек доллармен немесе еуромен жасауды әлдеқашан-ақ талап етуі тиіс» болғанын айтты.

Ресей рублінің бағамы соңғы апталарда бірден құлдыраған. Рубльдің құнсыздануы Ресейдің Кеден одағындағы және қаңтар айынан бастап күшіне енетін Еуразия экономикалық одағындағы серіктері — Қазақстан және Беларусьпен қарым-қатынасына да әсер ете бастаған.

Минск бұған дейін Мәскеудің Батыс елдеріне салған азық-түлік эмбаргосына қосылмаған. Ресей қараша айының соңында Беларусьтің бірқатар ет және сүт өнімдерін «құрамынан зиянды заттар табылды» деп тасымалдауға тыйым салған соң екі ел арасында экономикалық тұрғыда келіспеушіліктер туындаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141218/330/330.html?id=26750563