Астана. 22 желтоқсан. Baq.kz – Apple компаниясы Ресей нарығындағы өнімдерінің бағасын тағы да өсірді. Бұл жайында компанияның ресейлік онлайн-дүкенінде хабарланды.
Осылайша жады 16 Гб болатын iPhone 6 смартфоны 54 мың рубльді құрап отыр (бұрын 40 мың рубль болатын), 64 ГБ — 62 мың рубль (45 мың рубль), 128 Гб — 70 мың рубль (53 мың рубль).
Ал, жады 16 Гб болатын iPhone 6 Plus смартфоны 62 мың рубльді құрап отыр (бұрын 47 мың рубль болатын), 64 ГБ — 70 мың рубль (53 мың рубль), 128 Гб — 78 мың рубль (59 мың рубль).
Естеріңізге салайық, 16 желтоқсан күні Ресейде рубльдің күрт құлдырап кетуіне байланысты Apple компаниясының онлайн-дүкені жұмысын тоқтатқан болатын.
http://baq.kz/kk/news/58159