АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Ресейдегі репрессиялар мен сөз бостандығына қысымға және Мәскеудің Украинаға қатысты жүргізіп отырған саясатына қарсы шеру өтпекші.
Наразылық акциясын Сан-Францискодағы 60 мың адамды біріктіретін орыс және украин диаспораларының белсенділері ұйымдастырып отыр. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы Джулдия Хеллер таратқан баспасөз хабарламасында айтылған.
Оның сөзінше, соңғы уақытта әлемнің әр түкіпірінде Ресейдегі Кремль қарсыластарына, солардың арасында оппозиционер Анатолий Навальный мен украиналық ұшқыш Надежда Савченконың үстінен өтіп жатқан сот процестеріне наразылық акцияларына Сан-Францискодағы белсенділер де қосылмақ.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150117/330/330.html?id=26798853