АЛТЫНОРДА
Новости

S&P Қазақстанның несие рейтингін төмендетті

Standard &Poor’s (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі мұнай бағасының күрт арзандауына байланысты Қазақстанның несие рейтингін төмендетті. Агенттік Қазақстанның рейтингін «BBB+» деңгейінен теріс «BBB» деңгейіне түсірген. Бұл деңгейде мемлекеттің төлем қабылеті қанағаттанарлықтай деп саналады.

Агенттік 2015 жылы Brent маркалы бензин баррелінің орташа бағасы 55 АҚШ долларын құрайды деген болжам жасап отыр.

Өткен жылдың соңында агенттік сарапшылары егер Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны баяулай берсе рейтингті төмендететінін ескерткен. Бұдан өзге олар Қазақстан Ұлттық банкі жүргізіп отырған қаржы-несие саясатының тиімділігі аз деген.

Standard & Poor’s агенттігі қаңтардың соңында Ресейдің несие рейтингін ең төменгі деңгейге дейін түсірген. Рейтингтің төмендеуі көп сұрақ тудырып, ресейлік саясаткерлер агенттікті «саяси тапсырысты орындап отыр» және «АҚШ-қа тәуелді» деп айыптаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26839233