Украина соңғы 24 сағатта үш әскери қызметкері қаза тауып, тоғызы жарақаттанғанын мәлімдеді.
Киев 2 наурызда сепаратистер Украина әскерінің позициясын 22 рет атқылағанын да хабарлады.
Ал сепаратистер 2 наурыз түнде Украина әскері Донецкінің шеткі аймақтарын минометпен атқылады деп айыптады.
Украина, Ресей, Германия және Франция басшылары 2 наурыз күні түнге қарай телефон арқылы Шығыс Украинадағы жағдайды талқылады.
http://www.azattyq.org/archive/news/latest/330/330.html?id=26879802