Қазақстан бүгіннен бастап Ресейден дизелдік отын мен бензин тасымалына 45 күндік мерзімге конвенциялық тыйым салды.
2 наурызда энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «жыл басынан бері екі айда Қазақстанда жанар-жағармай қоры жинақталды. Бұл тыйым бензин бағасына әсер етпеуі тиіс. Тек 45 күннен кейін бұл тыйымды алып тастауымыз мүмкін, осылайша жанар-жағармайдың нарығы жыл бойы реттеліп отырады» — деген. Вице-министр тыйымның 5 наурыздан бастап салынатынын да айтқан.
Энергетика министрлігінің есебінше, 2015 жылы Қазақстан Ресейден 1 миллион 100 мың тонна бензин мен 760 мың тонна дизелдік отын алуды жоспарлап отыр.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26882955