[:kz]
АҚШ-та 6,5 млн доллардан астам (2,5 млрд теңгеге жуық) ұрланған активтерді БТА Банкі «ішкі басқарушыға» қайтару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы қаржы ұйымының баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шешім 28 мамырда Вирджиния штатының Фэрфакс окуругтік сотында қабылданды.
Талап қашқын олигарх Мұхтар Әбілязовтың апасы Гаухар Құсайыноваға қатысты қаралды.
Өтініш 2016 жылдың маусым айында берілген. Онда Құсайыноваға қатысты БТА-ның басқа талаптарын қанағаттандыру және келтірілген зиянды өтеу туралы айтылған.
«Әбілязов БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттермен қатар, БТА-дан 6 млн доллар мөлшерінде ұрланған ақшаны Құсайынованың қаржысына заңсыз жолдады. Құсайынова алынған ақшаны жеке мақсатта, соның ішінде АҚШ-та бірнеше сәнді жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайдаланды», — деді қаржы институты.
Іс 2016 жылдың тамызында «ішкі басқарушы» бизнесмендер Джон Милсом мен Дэвид Стэндиштің сотқа арызынан соң біріктірілді.
Талап қанағаттандырылғаннан кейін Құсайынованың мүлкін шамамен 6,6 млн АҚШ доллары көлемінде ұстау құқығы берілді.
Бұл шешім БТА Банкінің пайдасы үшін Әбілязовтың ұрлап кеткен активтерін қайтарудың тағы бір маңызды қадамы болып отыр.
Бүгінгі таңда олигарх пен оның серіктестеріне қарсы сот Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Ұлыбританияда, АҚШ пен Францияда, басқа да юрисдикцияларда жүріп жатыр.
[:]