АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Әблязов пен Храпуновты экстрадициялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр»[:]

[:kz]

Қазақстан бас прокуратурасы шетелдік әріптестеріне Виктор ХРАПУНОВ пен Мұхтар ӘБЛЯЗОВТЫҢ ісіне байланысты кейбір құжаттарды жібермекші. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат АХМЕТЖАНОВ айтты.

Бүгін мәжілісте Қазақстан мен Украина арасында қылмыскерлерді алмасу туралы заң бекітілді. Соған орай Марат Ахметжанов парламенттің төменгі палатасына келген болатын.

«Храпунов және Әблязов миллиардтаған қаржыны жымқырып, ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топ құрды. Қазір олар тұрып жатқан елдің құзырлы мекемелерімен жұмыстар жүріп жатқанын білесіздер. Қылмыстық қудалау тоқтаған жоқ», — деді бас прокурордың орынбасары zakon.kz тілшісіне.

Мұхтар ҚАБЫЛҰЛЫ Қазақстанда экономикалық қылмыс бойынша ғана емес, кісі өлтіру бабы бойынша да сотталған болатын.

«Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Сондай-ақ, егер қылмыскерді бермесең, өзің сотта деген принцип бар. Әблязов қазір Францияда. Біз тиісті мекемелерге құжаттарды жіберемзі», — деді бас прокурордың орынбасары.

Айтпақшы, Виктор Храпунов та Әблязов сынды сырттай сотталған. Былтыр 2018 жылдың қазан айында Алматы, ШҚО басқарған Храпунов мемлекеттің мүлкін ұрлады деп айыпталып, 17 жылға бас бостандығынан айрылған.

Фото:inform.kz

Жас Алаш 

[:]