АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Айдарқұлов: КВН-да жүргенде абыройым болған жоқ, ешкімге сөзім өтпейтін[:]

[:kz]

Дәурен Айдарқұлов көпшілікке КВН арқылы көз таныс. «Шатақхана», «Қызықстан» бағдарламалар арқылы көрерменнің көңілінен шықты, танымалдығы арта түсті. Бірнеше кинода бой көрсетті. Әзілкеш өзінің танымал болуына Қоянбаевтың көмегі барын айтады. Оны Қазақстандағы ең үздік әзілкеш деп мойындайды. 

Бұл туралы Талқылайық бағдарламасындай айтты.

«Мен мамандығым бойынша жұмыс істеп көрдім. Менеджмент, бизнес саласында бағымды сынадым. Кезінде осы мамандықтан сәнде болатын. Сол себепті оқыдым. Оқу орнында жүріп, КВН-ге шықтым. Эльцинге пародия салатынмын. Кейін Қоянбаевтарға жақындай бастадым. Мені Нұрлан өз командасына шақырды. Содан бастап жігіттермен бірге келемін. Командада ең кішісі мен едім. Сондықтан сөзім өте бермейтін. Былайша айтқанда абыройым болған жоқ. Маған тек сол атмосфера ұнайтын. Мен ақшадан қысылған жоқпын. Ата-анам ақшаға мұқтаж етпеді. Мен өзіме ұнайтын жігіттермен, өзіме ұнайтын салада жүргенді қаладым», — деді әзілкеш.

Айтуынша, оған танымалдық мүлде ұнамайды. Танымал болғанды жаны сүймейді. Өзін ешкім танымайтын шетелде еркін сезінеді.

«Танымалдыққа ұмтылған адам емеспін. Танымал болғанды жек көремін. Мен өзіме жайлы ортаны іздеймін. КВН командамыз тарағанда да аса өкінген жоқпын. Бәрібір бірге жүретінімізді білдім. Қазіргі КВН-де не болып жатқанын білмеймін. Маған қызық емес. Менің ортам емес. Былай қарағанда, қазіргі кино комедияны жазып жүрген сценаристердің көпшілігі — КВН түлектері», — деді Айдарқұлов. 

Дәурен Нұрлан Қоянбаевты Қазақстандағы ең үздік әзілкеш деп таниды. 

«Нұрлан мені өз командасына шақырды. КВН-нен кетіп, әкемнің айтуымен бизнес бастадым. Құрылыс саласында жүрдім. Бірақ ол менің жұмысым емес екен. Өзімді жайсыз сезіндім. Менің ортам кино саласы екенін түсіндім. Нұрлан маған талай рет көмектесті. Оған әрқашан ризамын. Оны үздік деп көремін. Одан бөлек Дамир мен Құмарды үздік ойыншылар деп мойындаймын. Қазір де жігіттермен араласып тұрамын. Болашақта Нұрланның киносынан маған роль бұйыратын шығар деп ойлаймын», — деді әзілкеш. 

 

[:]