[:kz]
Бағасы қол жетімді! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тексеріп берген халал сертификаты бар
Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева жаңа кәсіпті қолға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл ісі туралы айтыскер Instagram парақшасында жазды. Ақын қыздың жазуынша, оның шығаратын өнімдері халал. Мәселен, шұжық жасауға қолдану үшін сойылатын мал ислам шарттары бойынша сойылған екен.
«Ал сүйінші! “АЙДЫҢ НҰРЫ” деген атпен халал шұжықтары сатылымға шыға бастады. Шұжықтың 10 шақты түрін, оның ішінде, «Қазақстандық» деген атпен тұңғыш рет шығып жатқан өнімдерді сіздерге ұсынамыз!
Халал сосикалар, сарделькаларды да шығарып жатырмыз. Бағасы қол жетімді! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тексеріп берген халал сертификаты бар. Малдардың ислам шарттарымен бауыздалып сойылатынын да айта кеткім келеді», — деп жазды ол желіде.
Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары «Құтты болсын, іске сәт, қандай күшті, керемет!» деп оған қолдау білдіруде.
[:]