АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақ болды, көк болды, дамыдық-байыдық» дейді. Отвечаю[:]

[:kz]

 

Алматыға шетелден 26 миллионға блогер  лер шақырып, қаланы және оның маңындағы табиғи, тарихи әсем жерлерді көрсетпек екен. Олар бес жұлдызды қонақ үйде бес күн жатып, дәстүрлі тағам әзірлеуді де тамашалайды дейді.

 

Жалпы жиынтығы екі блог-тур болмақ. Әр блог-турда 20 адамнан. Қаланың туризм басқармасы «бұл қаланы таныту мақсатында, туризмді дамыту жолында іске асып жатыр» деген екен.

 

Тәәк, келетін блогерлер қай жақтан екенін айта кетейік. Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан. Неткен логика, қандай ғажап таңдау. Өз ойсымағымды айта салайын.

— Грузия — туризм бойынша Қазақстанда артта қалдырып, бір Батумимен тұншықтырып тастаған ел.

 

— Армения — күні кеше соғыстан жағы айырылып, байтал түгіл, бас қайғы жағдайында отыр.

 

— Беларусь — күнде митинг, басшысы ұшақ қондырудан әлем чемпионы атанып, санкция астында қалады. Қазір Беларусьтерге Алматының табиғаты емес, «билікпен шайқасы» маңыздырақ-ау.

 

— Ресей — халқы Қазақстанға қарағанда Түркияны құп көреді. Бірақ Путин саяси шешіммен Анкара аспанына ұшуды шектегендіктен, қазір оккупацияланған Қырым мен Сочиде жүр (қабақтары тыжырайып). Айтпақшы бұлардың блогерлері бізге келгіштеп кетіп еді, сол жағы да күдікті че то.

 

— Украина — үшін Қазақстан емес, Түркия маңызды. Зеленскийдің өзі Түркияға барып демалуға үндеді. Оның үстіне біраз украин азаматы бізді Ресейдің сенімді серіктесі санайды, ал олардың Мәскеуге деген әділетті қатынасын білесіздер.

 

— Түркия — өзі туристік орталық. Сан мыңдаған демалыс орындарының сапасы да, бағасы да қолайлы. Сервистері супер.

 

—  Оңтүстік Корея — күлдіртпеңдерші. Қазақтар Сеулге барып, еңбек мигранты болатын шығар. Бірақ кәрістер бізге келіп демалуы екіталай. Таз басындағы екі-үш шаштай аз кәріс келмесе, басқасы келмес.

 

—  БАӘ? Рас айтасыңдар ма? Қазақ Дубайға барады, бірақ Дубай қазаққа келе ма, сенбеймін.

—  Гонконг — (ну бұны білмедім)

ПыСы: оданда ішкі туризмге жарнама жасау керек қой, өз халқымызға. Сырттан турист келу үшін жоғары сервис болуы қажет. Дәретхана, жоғары интернет, тақтайдай жол, мәдениетті персонал дегендей. Пандемия кезінде әлем халқы ішкі туризмге күш салуда. Өйткені сыртқа шығу қиын, әуресі көп. Қаупі де аз емес. Сондықтан барлығы ішкі туризмге бағыттап жатыр. Мысалы алдында Түркістан ашылғанда ішкі туризмнің қабілетін көрдік. Халық ағылып барды, бірақ көп қонақ үй дайын емес екен, орын жетпеді. Сервисі сыр берді. Сырттан әрине олай ағылмайды, бірақ ағылса ұят болмай ма?)

Шамамен Алматы қаласының әкімдігіндегі Туризм басқармасының күздегі есебін сезіп отырмын: «Осынша блогер шақырдық, олардың осынша миллион оқырманы бар екен. Жалпы жиынтығы мынша қаралым болған, бұл үлкен жарнама болды, ақ болды, көк болды, мынша пайыз турист саны артты, дамыдық-байыдық» дейді. Отвечаю)

 

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz/

[:]