АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Назарбаев жаңа көмекшісі мен кеңесшісін тағайындады[:]

[:kz]

Қазақстанның Тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Назарбаевтың шешімімен, Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының елбасының көмекшісі болып тағайындалды. Сонымен қатар, ол елбасы кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарады. 

Ал бұған дейін Назарбаевтың баспасөз хатшысы болған Айдос Үкібай ҚР Тұңғыш президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Енді ол қос қызметті қатар алып жүреді.

Сондай-ақ, Нұрлан  Жамбылханұлы Қаймолдаев елбасының кеңсесі басшысының орынбасары болды

[:]