АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

«Ақ жол» партиясының екі мүшесі президенттік сайлауға қатысуға қолдау сұрады

[:kz]

«Ақ жол» съезінің қарсаңында Тараз және Өскемен қалаларынан екі үміткер өздерінің кандидатураларын қолдауды сұрап, партияластарына бейнеүндеу жолдады,  деп Stan.kz хабарлайды.

Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ақ жол» съезінің қарсаңында Тараз және Өскемен қалаларынан екі үміткер өз кандидатурасын қолдауды сұрап, партияластарына бейнежолдау жіберді.

Еске сала кетейік, партияның сайлауға қатысуы және үміткерлерді ұсыну туралы шешім осы жылдың 24 сәуірінде өтетін съезде қабылданады. 13 сәуірдегі «Ақ жол» Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады.

Партия мүшелеріне үндеу жіберген халықаралық сарапшы, партияның Өскемен қалалық мәслихатының 2 шақырылымының депутаты Қуат Рахимбердин. Екіншісі партияның Жамбыл облыстық филиалы төрағасы, Тараз қалалық мәслихатының 3 шақырылым депутаты, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын басқаратын кәсіпкер Асан Қошмамбетов.

Stan.kz 

[:]