[:kz]
Қаңтар оқиғаларын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қайрат Құдайбергеннің жақындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық бейне-үндеу жолдады. Анасы, жұбайы мен балалары Қайраттың кінәсіз екенін айтып, оны босатуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Құрметті, президент Қасым-Жомарт Тоқаев, менің әкемді жіберіңіздерші», — дейді кәсіпкердің ұлы.
Анасы Бибігүл Қабдолдина ұлының күнәсіз екеніне 100 пайыз кепіл бола алатынын жеткізді. Оның сөзінше, Қайрат алаңға халықты басу үшін шыққан.
«Сіздің де балаларыңыз бар ғой. Ана ретінде сізден көмек сұраймын, біздің ісімізде анық-қанығына жетуге көмектесіңіз. Сіз — Конституцияның кепілісіз, мен сізге сенемін», — дейді әйел.
Сондай-ақ, Құдайбергеннің жұбайы қаңтар оқиғасы кезінде үйде балалармен жалғыз қалғанын атап өтті.
«Қайрат бізді тастап, алаңға шықты. Біз үйде қорқынышпен отырдық. Бірақ мұның қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Ол тек қантөгістің болғанын қаламады, митингілердің бейбіт аяқталғанын қалады, елге көмектескісі келді. Біз тек текргеудің әділетті болғанын қалаймыз, ешқандай кедергі келтіретін ойымыз жоқ», — дейді ол.
Еске салайық, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің ұсталғанын Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі ресми түрде растаған болатын. Ал 4 мамырда Сот Қайрат Құдайбергенді қамауға алу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.
[:]