АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Ақшаны заңсыз тапсам, шетелге алып қашар едім» — Экс-министр [:]

[:kz]

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасының меншігіндегі дүниелер туралы айтты. Бұл туралы ол «Қасқа жол» бағдарламасында баяндады. 

Экс-министр астанадағы «Дипломат» қонақ үйі мен «Шапағат» базарына, тағы басқа бизнес нысандарға қатысы барын растады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы отбасы меншігінде кәсіптің көп бөлігіне былтыр, 2020 жылы қол жеткізгенін алға тартты. Сонымен қатар, ол осы байлыққа адал еңбегімен жеткенін мәлімдеді, Министр болып тұрған кезде ешқандай дүние-мүлік алмағанын, капиталды 2000 жылдардың басында бриллиант сатып жинағанын хабарлады. — Интернетті ашсаңыз, барлығы бар.

Енемнің атында, әйелімнің атында, балаларымның атына өткен жылы ашқан фирмалар бар. Салық қанша төленіп жатқаны жазылған. Оны жасыру мүмкін емес, оны жасырудың еш керегі де жоқ. Ол заңды отбасылық бизнес, егер оларды жасырсам, офшорлық бір компанияға жазар едім. Немесе шетелге алып шығар едім. Қашатын болсам.

Мен қашып жатқан жоқпын ғой. Нақты жұбайымның атында тұр, нақты ұлдарымның атында тұр. Жұбайымның атында «The Family» деген кафе бар. Сонан кейін «Қазақ энциклопедиясын» өткен жылы сатып алғанымыз бар.

Екі ұлымның атында жаңадан ашылған кішкентай компания «Alem education system» шетелде оқытатын білім орталығы бар. Қазір біз колледжді де алдық. Колледждің негізгі бағыты туризм, аударма ісі, қонақ үй бизнесі, аспаздық. Осы салада жүрген соң, туризм саласын біраз уақыт басқарғаным бар, бізде сервис жоқ екенін көрдім. Бұл да инновация. Дипломат қонақ үйінің 71 пайызы енемнің атында. Негізі өткен жылы сатып алдық. Бірақ мен жастайымнан еңбекқормын. Жұмыс істедім. Біз бірінші рет астанаға көшіп келгенде 2000 жылы әйеліммен бірге «Якутские бриллианты» деген бірінші дүкенімізді ашқанбыз. Үлкен ағасы Якутияда тұратын. «Intercontinental» деген қонақ үй ашылып жатыр еді сол уақытта. Соның ішінен жалға алып, іс бастағанбыз. Енді шүкіршілік, ары қарай тағы да ұсыныстар болды. Менің әйелім тек үйде отыруы керек пе? Егер мен заң бұзсам, міндетті түрде шығар еді. Біз бәрін декларациямен көрсеттік. Сосын газ құбырын тартумен айналыстық (Тауекел-Т ЖШС). Қазір басқа дүниелер алу үшін ол компаниядан шықтық. Әр қазақтың азаматы ауқатты болсын, алға жылжысын. Керісінше бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Ұялатын, қорқатын түгі жоқ. Мені бір жарым жылдың ішінде әбден тексерді. Қаржы полициясы, есеп комитеті бар, мемлекеттік аудит деген бар. Мен қай жерде қызмет істедім соның барлығы тексерді, — дейді Ұлттық музей директоры. 

oinet.kz

[:]