АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтаулық таксистің адалдығы көпшіліктің жүрегін елжіретті[:]

[:kz]

Ақтауда такси жүргізушісінің әрекеті әлеуметтік желілерді қолданушыларды қуантты.

Жүргізуші жолаушыға 141 мың теңгесі бар әмиянын қайтарып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Такси жүргізушісінің айтуынша, кешке «Сары базар» ауданында оның көлігіне екі әйел мінген, жүргізуші оларды қажетті жерге апарған.

«Екі сағаттан кейін мен қайтадан жұмысқа барайын деп едім, артқы орындықтан әмиян көрдім, ішінде құжаттар мен 141 мың теңге болды», — дейді ер адам.

Ақкөңіл жүргізуші әмиянның иесін табудың ерекше әдісін таңдады. Ер адам Instagram-да видео жазып, көпшілікке жіберді. Ол болған оқиғаны қысқаша айтып берді, әмиян иесінің құжаттарын көрсетті және достарынан және туыстарынан видеоны бөлісуді сұрады.

Біраз уақыттан кейін әмиянның иесі жүргізушімен байланысқа шықты. Такси жүргізушісінің адалдығы әлеуметтік желі қолданушыларының алғысына бөленді. 

[:]