[:kz]
Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жетістікке жету құпиясымен бөлісіп, криптовалютамен қомақты қаржы табуға мүмкіндік беретін Immediate Edge бағдарламасы туралы айтқан сұхбат таралуда. Мұның бәрі фейк және алаяқтық деп хабарлайды Stopfake.kz
Шындығында, ол мұндай сұхбат бермеген. Мәтіндә де, «жетістікке жету құпияларын» да алаяқтар жазған. Дәл осындай «сұхбат» 2020 жылы Австралияда тараған болатын, бірақ ол кезде әйгілі австралиялық кәсіпкер Дик Смит пен жазушы Валид Алиден сұхбат берген. Осыдан кейін австралиялық БАҚ бұл – алаяқтардың ісі деп хабарлады. Өкінішке орай, ол кезде елдің кейбір тұрғындары өз жинақтарынан айырылып қалған болатын.
2021 жылы Immediate Edge Ұлыбританияда жарнамалық науқанды белсенді жүргізе бастады. Белгілі бір сервистер мен өнімдерге қатысты клиенттердің пікірлеріне арналған Trustpilot.com порталында ел тұрғындары Immediate Edge – алаяқтар деп жазды. Пайдаланушылардың бірі тіпті олардың жұмысы мен схемасын егжей-тегжейлі сипаттаған. Оның айтуынша, аз да болса, қызығушылық танытқан клиенттерге әр түрлі «менеджерлер» ұдайы қоңырау шалып отырады және сауда-саттыққа қатысу және қомақты қаржы табу үшін 250 фунт стерлинг төлеуді ұсынады. Ал төлем жасалғаннан кейін, сауда-саттыққа қатысуға рұқсат берілмегені және «тапқан» ақшаны алу мүмкін еместігі анықталады.
Брокер болып табылатын онлайн-алаяқтарды әшкерелеумен айналысатын ScamCryptoRobots.com порталы да Immediate Edge – алаяқтық деп жазды.
Демек, Қазнетте тараған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Immediate Edge жүйесі арқылы ақша табуға шақырған сұхбаты – фейк.
[:]