[:kz]
Шекарашылар Үрімжі-Зайсан бағытындағы автобустан 10 келіден астам дәрі-дәрмек тәркіледі, деп хабарлайды Алтайньюс.
Оқиға 30 қарашада Майқапшағай кеден бекетінде болған.
– Тексеріс барысында анықталғандай, 1983 жылғы Қазақстан азаматының қолындағы
сөмкесінде қытайда шығарылған дәрі-дәрмек болған. 116 қаптамадағы медикаменттің салмағы 11,4 келі шығарған, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз хатшысы.
Дәрі-дәрмек актіленіп, Майқапшағай кеден бекетіне тапсырылды.
qazaquni.kz
[:]