АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда Қонаевтың муралы қайта қалпына келтірілді (видео)[:]

[:kz]

Алматыда үй қабырғасына бейнеленген Дінмұхамед Қонаевтың портретін тақауда әлдекімнің қасақана бүлдіріп, мұрт салып кеткені белгілі. Бүгінде мурал қайта қалпына келтірілген деп хабарлайды «Хабар 24».

Муралдың авторы арт-суретші Ержан Танаев, өзі бастама көтеріп, мемлекет қайраткерінің портретін досына қайта жөндеткен екен. Суретшінің өзі болса, қазір Ақтау қаласындағы үйлердің бірінің қабырғасына атақты жазушы Әбіш Кекілбаевтың бейнесін салып жатыр.

Сол себепті, суретші өзі келе алмаған. Айта кетейік, Дінмұхамед Қонаевтың портреті 2017 жылы кескінделген.

Биіктігі екі метр болатын муралды суретші бір күнде салып шыққан. Ал Дінмұхамед Қонаевтың портретін бүлдірген бұзақыларды бүгінде полиция іздестіруде. «Қоғам қайраткерінің портретін бүлдірген адамдар әлі белгісіз. Бірақ осы іске бола біз тез шешім қабылдап, Әуезов ауданы әкімшілігнің қолдауымен Ержан Танаевтың Tigrohaud crew суретшілерімен бірге осы портреттің суретінің түсін тауып, баллонды краскамен қалпына келтірген болатынбыз», — дейді Бекембай Сахи, Әуезов ауданы «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда Қонаев бейнеленген қабырға суретін әлдекімдер бүлдіріп кеткені туралы жазған едік. Instagram желісіндегі meganews.kz тобында жарияланған фотодан Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына әлдекімдердің «мұрт салып» кеткенін байқауға болады.

Автор: Жұлдыз Кенжегалиева

 

kaz.nur.kz

 

[:]