АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда тілі ісініп, аузына сыймай қалған бүлдіршін көмекке зәру (фото) [:]

[:kz]

Фото: KAZ.NUR.KZ

Алматылық бір жарым жасар бүлдіршіннің дерті отандық дәрігерлерді тығырыққа тіреді. Әмір Дастанұлының тілі бір жылдан бері бірнеше сантиметрге өсіп, аузына сыqмай қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Балақайдың анасының айтуынша, Әмір былтырдан бері алты рет ота жасатқанымен нәтиже шықпапты.

«Әмірдің туыла салған кезде тілінің астында без болды. Яғни, тілі үнемі көтеріліп тұратындықтан еме алмай, жылай беретін. Алғашқы ота осы безді алудан басталды.

Артынша тамағына, тіл безіне бас аяғы алты отаны өткердік. Бірақ нәтиже болмай тұр. Сегіз айынан бастап тілі ісініп сыртқа шықты, міне содан бері бір жыл өткенімен, ісік қайтпады.Тамақ жемейді, тек бөтелкемен сүт қана ішеді. Бала қатты қиналып, кетті. Тілі сыртқа шығып тұратындықтан, жарылып, қанап ыстық пен суықта Әмірге ауыр тиюде.

Отандық дәрігерлерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Ендігі үмітіміз Германиядағы білікті дәрігерге барып ота жасату»,- дейді анасы Сая Байсақалова.

Қазақстандық ақхалаттылар Әмір Дастанұлына «Ангиодисплазия» (ұсақ тамырлардың шоғырлануы, қан айналымның қалыпты болмауы және сарысудың жиналуы) деген диагноз қойғанымен әлі де нақты емес. Ата-ананың ендігі үміті неміс ғалымында.

«Вольтер Вольгемута есімді неміс ғалымы бізді екі апталық емге шақырып отыр. Оның ішіне бір ота және емдік курстар кіреді. Осы екі апталық курстан соң жазылып кетуі мүмкін, болмаса екі реттік ем қабылдайсыздар дейді. Германиядағы жарты айлық емнің құны сегіз жарым миллион теңгеге бағаланып тұр. Бұл біз үшін үлкен сома болғандықтан халықтан көмек сұрауға мәжбүрмін», — дейді Әмірдің анасы.

Қазақстан бойынша, осындай дертке шалдыққан үш балақай бар екен. Оның бірі — Ақтауда, екіншісі — Тараз қаласында тұрады.

Алайда, тілі ісініп, ем қонбай тұрғаны — Әмір ғана.

Фото: KAZ.NUR.KZ
 

Әмір Дастанұлының тағдырына алаңдап, қол ұшын берем деушілер:

  • Kaspi gold: 5169 4931 1329 4063
  • ИИН: 900810450321 Байсақалова Сая.

kaz.nur.kz

 

[:]