[:kz]
Оңтүстік астананың орталығында жетінші наурыз күні атыс болды. Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиғаның видеосы Instagram-дағы kris_p_brothers паблигінде жарияланды.
Видеодан бір топ жігіттің Gelandewagen көлігінің жанында сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Кенет қастарына бір ер адам жүгіріп келіп, оқ ата бастайды. Адамдар жан-жаққа қаша жөнеледі.
Алматы қаласының полиция департаменті оқиғаның Бостандық ауданында болғанын мәлімдеді. Екі күдікті тұтқындалды.
Олар полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына жеткізілген.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, жетінші наурыз күні Алматыдағы «Rahat Palace» қонақ үйінің жанында атыс болғаны жайлы жазған едік.
[:]