АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алты қыздан кейін ұлды болатынын білген әке көз жасын тыя алмады (видео)[:]

[:kz]

 

6 қыздан кейін атқа ұстар ұлы дүниеге келетінін естіген көпбалалы әке қуаныштың көз жасын тыя алмады. Бұл сәттің видеосы ТікТок-та пайда болды.
Бейнежазба гендер-пати шарасында түсірілген. Үлкен қорап ішінен қызғылт түсті шар шығып, ерлі-зайыптылар бұл жаңалыққа аса қуана қоймағанын байқауға болады. Көпбалалы ана тіпті көзіне жас алып қалады. Осы сәтте келесі бөлмеден кішкентай бүлдіршін қолына үлкен көк түсті шар ұстап кіреді. Белгілі болғандай, бұл ана құрсағындағы сәбидің жынысын білетін туыстың тосын сыйы екен. Яғни, жүкті келіншектің ұл балаға аяғы ауыр. Бұл жаңалықты естіген ерлі-зайыптылар қуаныштарын жасыра алмады. Отағасы тіпті көз жасына ерік берді.

Гендер-патиге жиналған отбасының туыстары да болашақ сәбидің ұл болғанын қатты күткен секілді, барлығы бір-бірін құшақтап, тіпті жас балаша қуанып секіреді.

Эмоцияға толы видеоны көрген желі қолданушылары көпбалалы отбасының қуанышына ортақтасып, өз тілектерін жаудырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 6ALASH JANALYQTARY (@6alash)

>«Қыз жақсы, әрине. Алайда еркек те, әйел де ұлды армандайды. Өз отбасымызда болған оқиға», «Ұл немесе қыз деп бөлуге болмайды. Алла тағаланың қалауы барлығы», «Мәссаған, көк шарды көріп мен де жылап жібердім. Бақытты болсын», «Құтты болсын! Дүниеге қазақтың біртуар азаматы келсін», «Тым жақсы тұрған келіншектің көңіл күйі түсіп кетті ғой. Алдамай, бірден көк шарды шығара салу керек еді», «Аман-есен аяқ-қолын бауырына алсын», «Бізде 9 қыздан кейін ұл туылды. Әкемнің реакциясын айта алмаймын», «Жылағым кеп кетті. Дені сау азамат болсын» деп жазды желі қолданушылары.

Материал @6alash инстаграм парақшасынан алынды 

[:]