[:kz]
Алтынай Жорабаева тұрмысқа шығады. Қасиетті айда осындай жағымды жаңалығын әншінің өзі бөлісті. Сүйінші сұрап, өміріне шүкіршілік айтты.
Бұл туралы әнші парақшасында жазды.
«Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Рамазан айында керемет жаңалығым бар. Адамның емес , Алланың қалауы болады. Маған және төрт қызғалдағыма қорған, қамқоршы болатын бағбан берген Аллаға сансыз шүкір.
Әрине, мен әуелі ата-анамның ақ батасын, қыздарымның келісімін алдым. Енді осы қадамыма сіздердің, аяулы оқырмандарымның да ақ тілегін алсам деймін. Бақытты адам басқаға да бақ тілейді. Бізге де жақсы тілектеріңізді арнасаңыздар екен. Алла тілектеріңізді еселеп қайтарсын өздеріңізге. Ертең Алла қаласа тағы да жаңалығым бар», — деп оқырманын қызықтырып қойды.
Желідегі оқырманы құттықтау тілегін арнап жатыр.
«Әрбір адам бақытты болуға лайықты!!!Керемет жаңалык!», «Бақытты болыңыздар! Бір жастықта қартаюды Алла тағалам нәсіп етсін сіздерге», «Бақытты болыңыз! Алла бағыңызды ашсын»», «Бақытты болыңыз! Алла бағыңызды ашсын», «Бакытты болыныз сиз бакытты болуга лайыктысыз», деп жазды олар.
https://stan.kz/altinay-zhorabaeva-ekinshi-ret-tyrmiska-shigatinin-ayti-331526/
[:]