АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әмиянын тазаламақ болған жігіт күтпеген жерден миллионер атанды[:]

[:kz]

 

АҚШ-тың Коннектикут штатының тұрғыны Чарльз Дадли әмиянын тазалаймын деп бір сәтте миллионер болып шыға келді деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коннектикут штатының тұрғына Чарльз Дадли мамыр айында жанармай бекеттерінің бірінен лотореялық билет сатып алған екен. Оны әмиянына салып, сол күйі ұмытып кетіпті

Ал қазан айының басында әмиянын тазалап жатып, қоқыс қағаздарының арасынан билетті тауып алған.

Бірден лотореяның сайтына кіріп билет нөмірін тексергенде өз көзіне өзі сене алмаған. Себебі, ұтыс билетіндегі алты санның бесеуі сәйкес шығып, ол миллион долларға ие болған.

«Ұтыс билетінің қайда сатылғанын көрмегенше, ұтқаныма сенбедім», — деді миллионер.

Ұтысын алуға келген кезде барлығы оны құттықтап, енді 23 күнге кешіксе, ақшасыз қалатынын айтқан.

Айта кетейік, қыркүйек айында ғана Канада тұрғыны тоғыз ай бойы тазаламаған үстелін тазалап, ұтыс билетін тауып алған болатын. Ұтыс көлемі 998,7 мың канадалық долларды құраған.

[:]