АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Нұртас ұлының отасы, Меккеге сапары және Төреғали жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир» [:]

[:kz]

Танымал әнші Қайрат Нұртас Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасына қонақ болды, — деп хабарлайды   Tengrinews.kz    тілшісі. Әнші сұхбатында үлкен ұлы Нарұлдың жүрегіне ота жасатқаны жайлы тұңғыш рет ашып айтты. Сондай-ақ, ол Меккеге сапарын, осыған дейін өмірінде жасаған қателіктері туралы әңгімелейді.  Қайрат Нұртас енді бір жыл бойы концертпен ешқайда да шықпайтынын мәлімдеп, мұның себебі неде екенін ашты.

Сонымен қатар, ол өзін әнші Төреғали Төреәлімен салыстыратындарға қатысты пікірін әрі Ресейдің атақты әншісі Стас Михаиловпен дуэт айтатыны туралы жаңалығын жеткізді. Сұхбатында ол жары Жұлдыз Әбдукәрімованың не себепті тележүргізуші қызметіне қарсы болғанын, Айқынның жаңа әніне қалай сөз жазып бергенін баяндады.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир» жобасында айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, «Назар аудар» жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, театр және кино актері Әбунасыр Серіков, блогер Дана Есеева, Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев, қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахмет,

режиссер Тимур Бекмамбетов, әншілер Әбдіжаппар Әлқожа, Артур мен Райым, театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты — танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну. YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар. Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

 

kaz.tengrinews.kz/

[:]