[:kz]
Әнші Жазира Байырбекова бірнеше күн бұрын, сахнаға шығар алдында құлап, аяғын сындырып алды,-деп жазды Stan.kz.
Әнші Жазира басынан өткен жағдай туралы өзінің желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша соңғы кездері өзін күтуді мүлде ұмытқан. Осы себепті де жаратушы аяғын сындырып,ескерту беріп отыр деп жориды әнші.
«Негізі бірнеше күн болды xалық алдына шығу керек болып,асығып жүгіріп бара жатып,баспалдақтан құлап,аяғымды сындырып алғаныма.
Бұл Алла тағаланың маған деген мейірімділігі, қамқорлығы. Аллам әрбір пендесін ұмытпайды ғой шіркін! Мені біраз уақыт (режим ұстап) уақытылы демалсын, уақытылы тамақтанып имунитетін көтерсін, витаминдер қабылдасын, жалпы xалық алдында ұзақ жүретін күш жинап алсын деп осылай аяғымды сындырып қойды.
Өйтпесе мен өзімді аямай күні түні шапқылап жүре беретін, шақырып тұрған жерге бармауға ысырап жасадым ба деп ысыраптан қорқатын адаммын. Уайымдап қалмаңыздар, Алла қаласа жақын күндерде аяғымды басып жұмысыма кірісемін»,-дейді әнші Жазира Байырбекова
Источник: Stan.kz
[:]