АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Араб тілі имандылық тілі… Орыс тілі — тіршілік тілі… Қазақ тілінде кім сөйлейді, сонда?[:]

[:kz]

 

Бас қалаға «SCAT» ұшағымен жеткізді.

Іші жолаушыларға толы.

Стюардесса «деуішкалар» иіліп тұр.

 

«Шымкентский» «шопыр-ұшқыштар» да «нәрмәлни» жігіттер екен. Үркітіп-шошытпай, секіріп-ойнақтамай бір қалыпты ұшты.

Айтайын деген басқа еді: Екі әп-әдемі қыз жеңіл тамақты, бір орыс жігіт сусынын таратты. Әлгі жігіт бізден «шәйді сүтпен ішесіз бе, лимонмен бе» деп сұраса, қатарымдағы сақалды қандасым ресми тілде жауап берді. Стюард «қантпен бе?» деп қазақша сұраса, «сақалист» тағы да ресмилетіп сөз қайтаруда.

Ойланып қалдым. Араб тілі имандылық тілі бола қойсын. Орыс тілі — тіршілік тілі дей қойдық. Қазақ тілінде кім сөйлейді, сонда?

 

Р.S. Жәкеге (Жарылқап Қалыбай) тіл намысын бортпроводниктер алдында емес, өз қандастарымыздың алдында қорғау перспективасы тұрған сияқты.

 

Алматы- Аязтана бағыты.

Серік Абас-шах

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]