АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әрең үлгердім»: Елорда тұрғыны дауыс беру үшін велосипедпен 10 сағат жол жүрген (видео)[:]

[:kz]

Мұхтар Фархадұлы елордада сайлауға қатысу үшін Ерейментаудан таңғы сағат 10-да шыққан. Ол сайлаудың аяқталуына санаулы уақыттар қалғанда Нұр-Сұлтанға жеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Әрең үлгердім": Елорда тұрғыны дауыс беру үшін велосипедпен 10 сағаттық жол жүрген

Фото: Видеодан скриншот

Велосаяхатшы Нұр-Сұлтанға жету үшін 150 шақырым жолды жүріп өткен. Ер адам жолда кездескен қиындықтарға қарамастан, өз таңдауын жасаған.»Велосаяхаттан келе жатырмын. Дауыс беруге әрең үлгердім. Негізі таңғы сағат 10-да жолға шықтым. Жолда велосипедтің ақаулары болды. Саяхатым қызықты өтті. Жаңбыр жауып, жел соқты.Дауыс беріп үлгердім. Сайлау аяқталуға санаулы минуттар қалғанда велосипедтің педалін бар күшіммен бастым. Әйтеуір, діттеген жеріме жеттім», — деді Мұхтар Фархадұлы.

Дауыс беріп үлгердім. Сайлау аяқталуға санаулы минуттар қалғанда велосипедтің педалін бар күшіммен бастым. Әйтеуір, діттеген жеріме жеттім», — деді Мұхтар Фархадұлы.

 
  

[:]