[:kz]
Жасы 34-ке келген Әсел Сәдуақасова әлі тұрмыс құрып үлгермеді. Бүгінде «ақ көйлекті қашан киесің?» деген сауал оны мезі еткен. Алайда актриса мұндай маңызды шешім қабылдауға асықпайды. Себебі бір кездері «аузы күйген».
Бұл туралы Stan.kz Тимур Балымбетовтың «Шыны керек» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен біреудің алдында есеп беруге міндетті емеспін. Отбасылы азаматпен кездескім келсе, демек кездесемін. Демек ол махаббат болады. Біздің елімізде қойылатын шектеулер көбейген сайын, мен қарсы тұра бастаймын.
Қазіргі уақытта менің өмірімде тек қана кино, жеке өмірім бір жолға қойылмаған.
Бізде әйелдерді қатты қысып тастаған. Тек еркектер 5-6 әйелден ала алады. Сосын «отыр, жұмыс істеме» деген басталады. Көптеген таныстарым менен тұрмысқа шықпауымның себебін сұрайды. Ал қалай тұрмысқа шығамын? Егер бір жігітпен кездесе бастасам, ол: «Болды, енді үйде отырасың, маған сенің айналысатын ісің ұнамайды», — деп шығады.
Кейін мені өздігінен ақша таба алмайтын күйге түсіреді. 25 жасымда ондай нәрсе басымнан өткен. Жарты жылға шоу-бизнестен кеттім. 1000 теңгемен жігітімнің тілеуін тілеп отырдым», — дейді Әсел ағынан жарылып.
Әсел 25 жасында пәтерін тартып алған жігітпен әлі күнге дейін соттасып жүргенін айтты. Сөзіне қарағанда, алаяқ азамат 2,5 жылдан бері жазасын өтеп жатыр. Алайда істің әлі де аяқталмаған тұстары баршылық.
Ол «отбасылы азаматпен кездесемін» деген сөзді мысал ретінде айтқанын, бүгінде сүйіктісі жоқ екенін мәлім етті.
«Мен отбасылы азаматпен болмаймын, қазір қалыптасқан жеке тұлғамын. Өзімді жақсы көремін. Бірақ неге біздің елде осындай шектеулер бар? Отбасылы азаматпен кездесіп жүрген құрбыларым бар. Оларда махаббат. Ақыр соңында өзін-өзі таңдауы үшін осы жолды жүріп өту керек екендерін түсінемін. Айтқым келгені осы. Бірақ біздегі шектеулер… Яғни, мен бір мысал ретінде ғана солай айттым.
Тура сол сияқты, 25-ке дейін тұрмысқа шығу керек деген стереотип. Байғұс қыздар тек қажет болғандықтан, тұрмысқа шығады. Қазір ажырасулар өте көп, неке институтының ешқандай маңызы қалмады», — дейді Сәдуақасова.
[:]