[:kz]
Күні кеше ғана дүркіретіп туған күнін тойлаған
Аша Матайдың анасы Бәтес Мақсатқызы күйеу баласы Арман Қоңырбаевпен бірге дуэт айтты.
Олардың видеосын белгілі продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram-парақшасында жариялады.
«Ене мен күйеу бала дуэті. Әпкем әнші болуды армандаған. Бірақ мықты заңгер болды», – деп жазды Алагөзова.
Туған күнге жиналғандар арасында Жанболат пен Жазира, Мәдина Садуақасова да бар.
Айта кетейік, Бәтес Мақсатқызы Баян Алагөзованың ең үлкен әпкесі.
sn.kz
[:]