АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Асхат Садырбай: NinetyOne тәуелсіз Қазақстанның музыка тариxына кіреді [:]

[:kz]

 

bez-nazvaniya-3Белгілі тележурналист Асхат Садырбай әлеуметтік парақшасында елді шулатқан Ninety one тобына қатысты ойын білдіріп, олардың жақында жарық көрген бейнебаянына баға берді. Бірнеше күн бұрын Ninety one тобының «Қалай қарайсың» деген әніне түсірген бейнебаяны жарық көрген болатын. Бұл жолы да қалың оқырман қатты сынға алды. Осы орайда үнсіз қалуды жөн көрмеген телеурналистің жазбасын алып-қоспасыз назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды reactor.inform.kz «Ninety one туралы екінші рет жазып отырмын. Басқа жазатын нәрсе жоқ па, соны да әңгіме қылып, онсыз да проблема жетеді, сонда сіз сондайларды қолдап, насиxаттап отырсыз ба және т.б. осы сарындағы әңгімелер мен негізсіз айыптаулар қабылданбайды, бірден айтып қояйын. Мен музыка немесе өнер сыншысы емеспін. Сыншылар алдағы уақытта өз ойларын айта жатар. Олардың айтары менің пікіріммен сәйкес келмеуі де мүмкін. Мен «91» тобына тағы бір рет шолу жасап көрмекпін. Меніңше NinetyOne тәуелсіз Қазақстанның эстрада, музыка тариxына кіреді. Мен оларды жай ғана топ емес, біздің музыкадағы бір құбылыс дер едім (артық кетуім де, жаңылысуым да мүмкін, бірақ сонда да). Болашақта олар туралы оқытушылар студенттерге сабақ айтып, дәрістерде талқылайтын болса таңқалмаймын. Байқасаңыздар қазір оларды жастар да, үлкендер де біледі. Шүйіркелесе қалса міндетті түрде талқылайды. Қанша ай өтсе де әлі өзекті, қызық, ерекше. Топ резонанс тудырды. Шыққандарына 1-ақ жыл болса да көп ретте кәсіби емес сынға, дөрекілік пен мәдениетсіз айыптауларға іліге берді. Қайтеміз, біздің эстрада орындаушылары тыңдарманды бір сарынды стильдегі көше, әуесқой, той әндеріне әбден үйретіп тастады. Жаңа, сапалы, заманауи тың дүниелер шыға қоймады. Отандық музыка индустриясында неше жылдан бері мұндай революция болмап еді. Көпшіліктің үрке, шоши қарауы да сол себепті. Олар жайлы айтылатын сындарға қарап отырсам (шамамен) 98.9%-ы эмоциялар мен құр айқай. Мен де ұлтымды сүйемін, мен де ұлт болашағына алаңдаймын. Бірақ субьективті пікір мен негізсіз, дәйексіз сынға, негативке қарсымын. Қазір біз киіз үйде тұрмаймыз, атпен жүрмейміз. ХХІ ғасырда бәріміз заман талабына сай өмір сүрудеміз. Демек кез-келген мәселені өркениетті елдің азаматы ретінде мәдениетті сөйлесіп шешуге болатынын ұмытпайық. Ерболатты танимын, бірақ көрмегелі, сөйлеспегелі қай заман?! Соңғы рет қашан көргенім де есімде жоқ. Топтағы жігіттердің біреуін де танымаймын, аттарын да білмеймін. Ешкімнің адвокаты немесе пиаршысы емеспін. Постқа ешкім ешнәрсе төлеген жоқ. Шын жүректен, «91» тобының бүгін «Қалай Қарайсың» деп аталатын бейнебаянын тамшаладым. Жігіттер тағы да мені мойындатты. Музыка, аранжировка, сапа, xареография өте жақсы».

http://qamshy.kz/home/show/13670

[:]