АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Остеохондрозды отпен емдейді[:]

[:kz]

otpen-edeuБүгінде арқасы тырысып, желкесі құрысып ауыратын адам аз емес. Мамандар да мұндай ауру жер бетіндегі халықтың 85 пайызын мазалайтынын айтады. Медицинада мұны остеохондроз деп атайды. Шымкенттік шипагер осы остеохондроз ауруынан отпен емдейді екен.

«Остеохондроз қанның қоюланып, дұрыс айналмауы салдарынан желкеде тұз жиналудан болады. Содан ондағы жүйке, тамыр талшықтары қысылып қалады, адамның басы ауырады. Адамның жон арқасында бүкіл ішкі ағза мүшелері тыныс алатын торша болады. Оның тері тесіктері бітелсе де желкеде құрысу, ашу сынды аурулар байқалады. Отпен емдеген кезде осы бітеліп қалған тор тесіктері ашылады. Ол үшін мен алдымен арқаны Алтайдың экологиялық таза аймақтарынан жиналған алтынтамыр, женьшень, мия сынды 9 түрлі шөптен жасалған маймен сылаймын. Отпен емдеу процедурасы осы кезде жасалады. Оттың жылуы арқылы әлгі майдың емдік қасиеті артады әрі денеге тез сіңеді. Сөйтіп қоюланып, кейбір жерде ұйып қалған қан сұйылады, денедегі артық тұз тер арқылы сыртқа шығады», – дейді ол.

Сондай-ақ сүйекке сіңген суықты сұлы сүтімен, инсульттен кейін аяқ-қолы сал болып қалғандарды қабақ өсімдігін қойып емдейтін бұл емшінің кереметі көп екен.

www.zamana.kz

[:]