[:kz]
Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында әскери мүліктер ұрланған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Әскери прокуратура Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеріп жатыр. Онымен Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары айналысуда.
Ведомствоның ақпаратынша, гарнизондарда шамамен 825 млн теңгедей соманың заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдары ұрланған. Осыған байланысты сот алды тергеу жұмыстары басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды.
[:]