АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Ата-аналар «Өл» деген жазуы бар 1-сыныпқа арналған дәптерді сатылымнан алып тастауды сұрады [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде «өл» деген жазуы бар 1-сынып оқушыларына арналған жазу дәптері қызу талқыға түсті. Қазақстандық ата-аналардың атынан белгілі блогер Дәулет Мұқаев тиісті сала басшыларына үндеу жасап, аталған оқу құралын сатылымнан алып тастауды өтінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Блогер елімізде балалар арасында суицидтің кең етек алғанын еске сала отырып, «өл» сөзі бар жазу дәптеріне қарсылығын білдірді. «Қайдам, 1 сыныптан өл…өл… деп жаздырып, сананы улап жатса…Өл сөзін өр, өс, өн сөздерімен де жазуға болады ғой? Жеткіншектердің «өл» деген бұйрық райлы етістіктің жазуына қарсымын! Келесі беттерінде (17 бет) «Өш» деген сөз бар! 47 бетінде «Си» деген жүр», — деп жазды блогер Instagram-да. Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтардың ашуын келтірген жазу дәптерінің мазмұнына қатысты пікір білдірді. 

Ведомствоның мәліметінше, қазақ тілінде білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған «Менің алтын жазу үлгім» атты жазу дәптерлері 8&8 баспасында жарық көрген. Авторы – С.В. Трофимова. «Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген.

Тиісінше, мемлекеттік сараптамадан да өтпеген. Білім беру ұйымдарына осы жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлер мен басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы берілген. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралады», — делінген хабарламада. Айта кету керек, мұндай басылымдар әрқашан ашық сатылымда немесе Интернетте қолжетімді. Министрліктің мәлімдемесіне сәйкес, қосымша оқулықтар, ертегілер жинақтары, дәптерлер сияқты олар да арнайы бекітілмейді.

kaz.nur.kz

 

[:]