АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ата-анасынан қорғауды өтінген оқушы көпбалалы отбасында тәрбиеленетіні анықталды[:]

[:kz]

 

 

Атырауда жуылмаған ыдыс-аяқтың кесірінен әкесінің жанжал шығарғанын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған жасөспірімнің жеке басы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, видеоның авторы Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының 11 сынып оқушысы екен.

«Жасөспірім мектепке барады, үлгерімі орташа, мектептің әртүрлі шараларына белсенді қатысады. Ол көпбалалы отбасынан және үйдің үлкені. Оның әкесі — арнайы техниканың жүргізушісі. 18 қазан күні әлеуметтік желіге видео жарияланғаннан кейін, сол кеште сағат 22:00-ден бастап жасөспірімге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіліп, кеңес берілді. Ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деді академия директоры Долорес Таскарина.

Бұған дейін Атырау облысындағы мектеп оқушысы өзін агрессивті ата-анасынан қорғауды сұрап, видео түсіріп, желіге жариялағаны хабарланды. Оқиғаға дейін қыз ата-анасымен жанжалдаспаған. Ұру фактісі анықталған жоқ. Талқылаудан кейін , не болғанын түсініп, жасөспірім сыныптастарынан мектеп чатында кешірім сұрады және бұл бейнені таратпауды өтінді. Бүгін полиция қызметкерінің, психологтардың және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен ата-анасымен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімнің жағдайы қалыпты. Қазіргі уақытта полиция тергеу жүргізіп жатыр.

[:]