[:kz]
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев тұтқындалғаннан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты. Ол мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратының терезесінен жақтастарына қол бұлғады.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АКИpress басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
4 қыркүйекте күштік ведомствоның ғимаратында Атамбаевтың қорғаушыларының оны тұтқындау мерзімінің ұзаруына қатысты шағымы бойынша Бішкек қалалық соты алқасының көшпелі отырысы өтті.
Сол күні ғимарат маңында экс-президенттің жақындары, жұбайы мен ұлы, сонымен қатар оны қолдайын азаматтар жиналды. Артынша олар мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына қарап, қол бұлғай бастады.
Айтуларынша, сол кезде Атамбаев терезенің жанына келіп, оларға да қол бұлғаған.
Еске салсақ, 8 тамызда Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қарулы қарсылықтан кейін Қой-Ташта ұсталған болатын. Атамбаевты Бішкекке апарып, Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторына қамады.
Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының әскери прокуратурасы Атамбаевқа қатысты бірқатар істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуде. Заңсыз баю, сыбайлас жемқорлық, Батуқаевты заңсыз босату, жер учаскелерін заңсыз иемдену фактілері бойынша бірнеше іс Атамбаевтың Қырғыз Республикасының президенті болған кезеңіне қатысты. Қой-Таштағы оқиғалардан кейін Атамбаев адам өлтіру, кісі өлтіру әрекеті, тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікке қарсы тұру баптары бойынша күдікті болды.
Атамбаев пен оның жақын туыстарының мүлкі тәркіленді — барлығы 120 жылжымалы және жылжымайтын мүлік тәркіленді.
Хабарланғандай, Атамбаевтың тұтқындағы мерзімі 26 қазанға дейін ұзартылған еді. Дәл осы жағдай саясаткердің қорғаушыларының наразылығын тудырды.
[:]