[:kz]
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, бүгін, 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев бес миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Ұстауды Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері жүргізген. Алдын ала мәлімет бойынша, шенділер «тендерден түскен ақшаны қалталарына басқан».
Басқа мәліметтер әлі хабарланған жоқ.
[:]