[:kz]
Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевқа шығарылған сот үкімі туралы өз ойымен бөлісті.
Әйелін өлімші етіп сабаған Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айырып, бұл мерзімді қатаң режімдегі колонияда өткізу туралы үкім шыққан еді. Соңғы сөз берілгенде ол: «Менің еш кінәм жоқ» деп мәлімдеген.
«Мен кешіргенмен, заң жұмсақтық жасамады. Өмір, біздің тағдырымыз, оның, менің және біздің тағдырымыз осылай болды. Орын алған жайт, бір-бірімізді түсіне алмауымыз, балаларымыздың көз жасы, жіберген қателіктеріміз, ойланбаған шешімдеріміз менің жанымды қатты ауыртты. Сынға, әсіресе, қоғамның назарына, қоғамдық пікірге баяғыда-ақ үйренгенмін. Қоғамдық пікір әрдайым бір-біріне қарама-қайшы, бірақ біздің де қарапайым адам екендігімізді, біздің әрқайсымыздың да қателікке бой алдыруға құқығымыз бар екендігін ешкім жоққа шығара алмас», — деп жазады ол.
Баян Мақсатқызы Бақытбек Есенбаевтың қыздары үшін жақсы әке болғандығын ерекше атай келіп, заңның аты заң, одан аттап өту мүмкін еместігін жазды.
«Әзірше, өмірімде орын алған бұл жайт қателік пе, білмеймін. Оны уақыт көрсетер.
Жүрекке әмір жүрмейді, оның ақылға көнбейтіні бар, екеумізде де солай болды. Біз өз жазамызды алдық, ол да мен де.
Заң бәріне бірдей. Бірге өткізген 22 жылда әртүрлі жағдай болды жақсысы да, жаманы да болды. Тек оның жақсы әке екендігін нық сеніммен айта аламын.
Маған балаларды жалғыз тәрбиелеу оңай болмас. Бірақ, оған да шамам жетеді. Мен өзімді құрбандыққа ұшыраған бейшара жан ретінде ешқашан көрсеткен емеспін. Бұл мен үшін жат. Менің бұрынғы жұбайымның тағдыры да осымен түгеспегендігіне де сенімдімін. Ол өте мықты адам. Мен оған тек денсаулық, шыдамдылық тілеймін. Оның алда әлі жақсы өмір құрып кететіндігіне мен сенімдімін.
Мен барлығын да айттым, БАҚ өкілдеріне ендігі уақытта бұл мәселеге байланысты мені мазаламауды сұраймын», — деді Баян Мақсатқызы.
365info.kz
[:]