АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бағлан Майлыбаевқа ауыр айып тағылды[:]

[:kz]

Еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік  Комитеті «Мемлекеттік құпияны заңсыз жинаған, ашқан және таратқан» 

деген күдікпен Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары (ол таяуда ғана лауазымынан босатылған болатын) Бағлан Майлыбаевты тұтқындады. Арада көп өтпей Астананың Есіл аудандық соты оны екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Бүгінде ол ҰҚК-нің тергеу абақтысында отыр. Таратылған ресми деректе оның үйіне тінту жүргізілгені, заттай айғақтар алынғаны туралы айтылды.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда, Б.Майлыбаевқа бюджеттен 2014 – 2016-жылдар аралығында саяси және тарихи зерттеулерге бөлінген 1 миллиард 300 миллион теңге қаржыны талан-таражға салған деген айып тағылып отырған көрінеді.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасарыНиколай Галихин де қазір қамауда отыр. Оған да мемлекеттік құпияны құрайтын деректерді жинаған, ашқан және таратқан деген күдік келтірілген. (Бұл азамат таяуда ғана «Құрмет» орденімен марапатталған екен).

.zamana.kz

[:]