АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бақытжан Сағынтаев азық-түлік бағасының заңсыз көтерілуіне жол бермеуді тапсырды[:]

[:kz]

bez-nazvaniya-4ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар азық-түлік өнімдеріне бағаны заңсыз көтеру оқиғаларын болдырмау туралы тапсырма берді.

«Бағаның көтерілуіне қатысты мәселені біз қыркүйек айында талқыладық, бүгінгі баяндамалардан көріп отырғанымыздай, белгілі бір жұмыстар атқарылған. Асқар Исабекұлы (Мырзахметов – Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР ауыл шаруашылығы министрі – еск.), нарыққа қатысушылардың сөйлеген сөздерін ескерумен олардың пікірлерін ескеріп, ұсынылған тәсілдерді тағы бір қарастырып, сәйкес шешімдер түрінде ресімдеуге болады. Бұл жерде Үкімет нарықтық тетіктерді жауып тастайды деген сөз емес. Алайда жоғары бағаның болуына жағдайлар туса, біз қолымызда бар монополияға қарсы заңнама аясындағы құралдарды ескерумен, оның жолын кесуіміз керек», — деді Б.Сағынтаев.

Еске салайық, Үкімет отырысы барысында әлеуметтік мәні бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмау бойынша бірқатар шаралар ұсынылды. Мәселен, бөлшек және көтерме саудада әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларын сатуда шекті үстеме бағаның көлемін заңды түрде бекіту, сонымен қатар халықтың басым бөлігін мониторингке және нақты бөлшек бағалардың «ұсынылатын» бағаларға сәйкессіздігін анықтауға белсенді тарту ұсынылды.

Сонымен қатар, аймақтардағы азық-түлікті тұрақтандыру қорларының қазіргі жұмыс тәртібін жеңілдету ұсынылды.

sn.kz

 
 

[:]