[:kz]
Отандық танымал әнші Сиви Махмуди жеке өмірінде орын алған жаңалықтарын бөлісті. Өнер иесі он жыл отасқан күйеуімен ажырасып кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ, Шоу-бизнес жұлдызы некесі сәтсіз аяқталғаны туралы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған. Ол жолдасымен айырылысып кетіп, одан бөлек тұрып жатқанына бір жыл болып қалғанын жеткізді. Әнші бұл жағдайда ешкімді кінәламайтынын айтып, оған кешіріммен қарағанын алға тартты. «Күндер зулап, айлар алмасып, жылдар жалғасып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Екі бөлек кеткенімізге 1 жыл болып қалды. Өнерімдегі жаңалықтарды бақылап жүрген жұрт, жеке өмірімде не болып жатқанын қайдан сезсін? Отбасымды қорғағым келді, 10 жыл бойы ата-анамның үмітін ақтау үшін, балаларымның бағы бүтін болуы үшін барымды салдым. Ешкімді кінәламаймын. Бәрін кешірдім. Жылды осылай қорытындыласам да, жаңа жылдан күтерім көп», — деп жазды ол.
[:]