АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бәрінің алдында абыроймен жауап беріңіз!» — Айсұлтан Рахаттың соңғы жазбасы[:]

[:kz]

 

«Жезқазған мен Балқашқа жойылып кету қаупі төніп тұр. Тек Нұрсұлтан Назарбаевтың сәл ғана араласуы жеткілікті!» — деген онда.

Кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахаттың қайтыс болғаны хабарланды. Ол соңғы уақытта Facebook желісінде белсенді болып, Құдай, өзі, отбасы, билік басындағылар туралы пікірлерді жиі жазып тұрды. Ал осыдан тура бір ай бұрын, яғни 17 шілдеде жарияланған соңғы жазбасын «KAZ Minerals» және «Қазақмыс Холдингтің» директоры Владимир Кимге арнаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жалғыз Құдай маған Владимир Владимирович Кимге және оның ұятсыз бригадасына Қазақстанның игілігін ұрлауды доғару керегін айтуды сұрады! Жезқазған мен Балқашқа жойылып кету қаупі төніп тұр. Тек Нұрсұлтан Назарбаевтың сәл ғана араласуы жеткілікті!

Сіз өзіңізді еркек сияқты сезінсеңіз, бәрінің алдында абыроймен жауап беріңіз! «Қазақмыс» және «Kaz Minerals» компаниясындағы тәртіпсіздіктер үшін жауап беріңіз! Мен сіздің қарамағыңызда жұмыс істедім және сіз туралы ешқашан жаман сөз айтпадым. Бірақ, сіздің ол жерде жасаған бассыздығыңыз менің жүрегімді айнытты!» делінген жазбада.

Сондай-ақ, Айсұлтан Рахат сол жазбасында Владимир Кимнің Қазақстан халқынан ақша ұрлағанына қатысты құжаттардың бар екенін де ескерткен.

[:]