АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бауыржан Байбек: Алматыға келген туристердің барлығы бірден «тиіннің» қайда екенін сұрап әлек[:]

[:kz]

 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қоғамда қызу талқыға түскен тиін жөнінде өз пікірін білдірді.

Алматы қаласының басшысы білім қызметкерлерінің тамыздық жиынында тұрғындардың қолайлы өмірі үшін бар жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ қаланың мәдени өмірін дамыту мақсатында 16 арт-объект орнатылғанын да мәлімдеді. Олардың бірі барша елімізге танылған атышулы тиін.

Естеріңізде болса, аталмыш құрылымға 23 миллион теңге қаржы жұмсалып, көпшіліктің ашуын келтірген еді.

 
 

Бауыржан Байбектің айтуынша, мемлекеттік қазынадан оған 15 миллион теңге берілген.

«Халықаралық стандарт бойынша бұл қымбат емес жоба болып табылады», — деп айтты әкім.

Мысал ретінде қала басшысы Шанхайдағы «түлкі» мен Чикагодағы «үрмебұршақ» құрылымдарын келтірді. Оларға шамамен 36 миллион доллар қаржы құйылса керек.

«Біздің объектіні айтатын болсақ. Ол өз бағасын толықтай ақтады. Өйткені Алматы туралы BBC, FoxNews, New York Post іспетті бірқатар әлемдік басылымдар мен ақпарат өкілдері айтты» , — деді әкім.

Оның айтуынша, атышулы «тиын» тек қана ел аумағында емес, халықаралық аренада да үлкен танымалдылыққа ие болды. Ақпараттық әсер өте қуатты болғаны соншалық, құрылымға кеткен қаражат өзін ақтады деген ойда Бауыржан Байбек.

«Енді Алматыға келген туристердің барлығы бірден «тиіннің» қайда екенін сұрап әлек» , — деп қорытындылады ол.

kyn.kz

[:]