АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бауыржан Байбек Тұрсынбек Қабатовты Nur Otan-ның қатарына қосты[:]

[:kz]

Салтанатты шара барысында Бауыржан Байбек жиналғандарға Тұрсынбек Қабатовтың Nur Otan партиясының мүшесі болуға қалай ниет білдіргені туралы айтып берді.

Елордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында Nur Otan партиясына салтанатты қабылдау өтті. Жетекші партияның қатары жас және белсенді азаматтармен толықты. Олардың қатарында танымал сатира актері, тележүргізуші Тұрсынбек Қабатов пен белгілі боксшы Мейірім Нұрсұлтанов та бар,-деп хабарлайды «Айқын» газетіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Партия билетін салтанатты жағдайда табыс еткен Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.  

Салтанатты шара барысында Бауыржан Байбек жиналғандарға Тұрсынбек Қабатовтың Nur Otan партиясының мүшесі болуға қалай ниет білдіргені туралы айтып берді.

«Мен Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған ұшақта едім, қасымда Тұрсынбек Қабатов отырды. Бір жарым сағат бойы мен оған партия туралы, Елбасы мен Мемлекет басшысының бастамалары мен партияны қайта жандандыру аясында атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы әңгімеледім. Біз ұшақтан түскен кезде ол осынау атқарылып жатқан жұмыстарға өзінің де атсалысқысы келетінін айтты» – деді Төрағаның Бірінші орынбасары.

Тұрсынбек Қабатовтың өзі тәуелсіз еліміздің партиясы қатарында жүріп, ел үшін қызмет атқаруды үлкен бақыт санайтынын жеткізді.

«Біз 90-жылдардағы тоқырауды көрген балалармыз. Кеше ғана ауылда қой бағып жүрген бала едім. Бүгінде міне, арман қуып астанаға келіп, сол армандарым орындалып жатыр. Мұның барлығы еліміздің өркендеп-өскенінің арқасы. Әрбір әзілімде жұртты жақсылыққа үндеп, барлық әңгімемде халықты бірлікке шақырып жүремін. Nur Otan – жалпы халықтық партия. Халық пен биліктің арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде елді кім жамандаса, сол батыр болып есептеліп жатыр. Мен олардың қатарында болғым келмейді. Қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген сөз бар. Әркім өзінше «батыр» болып отыра берсе, еліміз дамымайды. Біз жұдырықтай жұмылуымыз керек» – деді Тұрсынбек Қабатов. 

Бүгін еліміз бойынша Nur Otan партиясының қатарына 2 мыңға жуық қазақстандық мүше болды.

[:]