АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Bek Air басшысы: Үйге соғылмағанда бәрі аман қалар еді[:]

[:kz]

Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматы маңында Fokker 100 әуе кемесінің апатқа ұшырауына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, лайнер ғимаратқа соғылмаған кезде бүтін қалар еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Фото: ІІМ ТЖК, NUR.KZ

Фото: ІІМ ТЖК, NUR.KZ

«Ұшақ шассисіз және қозғалтқышсыз-ақ қона алады. Бірақ оның құрылыс нысанымен соқтығысу жағдайы жобаланбаған.

Ол үйге соғылмағанда – бүтін болар ед және барлығы аман қалар еді», – дейді Жұмасұлтанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта компанияның тоғыз ұшағы Алматыда тұр.

«2016 жылы билікпен жеке әңгіме болған, ешкім сертификаттауға қарсы болған жоқ. Бірақ IATA – халықаралық тасымалдаушылар қауымдастығын енгізу туралы талап болды.

Бұл мемлекеттік бірлестік емес, егер мемлекет солардың стандарттарын алғысы келсе, біз қарсы емеспіз. Тек өз атымыздан жасау керек. Заңнамада жазылған стандарттар қажет.

Егер Қазақстан ҮЕҰ-ға емес, халықаралық келісім шартқа қосылса, мемлекеттен талап етілетін сертификаттаудан өтеміз. Ал халықаралық сертификаттаудан өтпейміз», – дейді әуе компания басшысы.

Сонымен қатар, Жұмасұлтанов бұл оқиғадан кейін компания есеңгіреп қалғандықтан, үнсіз болғанын айтты. Сондай-ақ, компания басшысы осы уақыт аралығында ақпарат жинағандарын атап өтті.

Бұған дейін әділет министрлігі Bek Air әуе компаниясының құрылтайшылары жайлы айтқан болатын.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы маңында Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының үш нұсқасын атады. Сондай-ақ ол лайнердің апатқа ұшырау кезінде жанармай багы тесілген сол жақ қанаттың қалай өртке оранбағанын айтып берді.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайымен бөлісті.

 

[:]