АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бек Эйр» ұшағы құлаған жерді заңсыз сатты деген күдіктінің анасы әділдік сұрап отыр[:]

[:kz]

Былтырғы 27 желтоқсанда «Бек Эйр» ұшағы құлаған жерді заңсыз құжатпен сатқан деген айып тағылған азаматтың анасы да шағымын жеткізді. «Қызыма жала жауып, 8 ай бойы қамап отыр, артындағы екі баласы қараусыз қалды» деп қамыққан ана істің әділ өтуін сұрайды. Ал заңгерлердің айтуынша, аталмыш жер учаскесін сатқаны үшін Республикалық деңгейдегі лауазымды тұлғалар күдікке ілінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «31» арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Дәрменсіз қызым Нұрайым Алданышты дәлелсіз қамап отыр» деген ана одан 8 айдан  бері хабар ала алмай отырғанын айтады. Кейуана «қызымды көрмей өліп кетем бе» деп қорқады. Қызын қорғауға жалдаған адвокаты әжейдің 1 млн теңгесін алып, істі басқа біреуге бере салыпты. Ол тергеуші тіпті телефонға жауап бермейтін көрінеді.

«Сол кезде қамалмағанда, бостандықта жүргенде, екі ортада қағаздың көшірмесін көтеріп жүргенде ол неге жатады», — деді күдіктінің анасы Жәзікей Жұмжұма.

 

Заңгерлердің айтуынша, дауға айналған бірнеше гектар жер санитария нормаларына сәйкес келмесе де құжат беріліп, жүздеген тұрғынға сатып жібергені күтік тудырады. Заңға сәйкес, жер теліміне құжат берілуі үшін 5-6 адамның қолы керек екен. Енді қандай да бір қылмыстық топтың әуежай жанындағы жер телімін сатқаны дәлелденсе бірқатар лауазымды қызметкерлер де жазаға тартылуы мүмкін.

«Егер де Нұрайымның, яғни делдалдың туысқандары жауапкершілікке тартылмаған, жауапкершіліктен шеттетілген, алаяқтық іске қатыстылығы болса, құжаттамалары бар болса, дәлелдемелері бар болса, маған ұсынсын. Маған берсін, мен мұны көтеремін», — деді жер құқығы саласындағы сарапшы, заңгер Бақытжан Базарбек.

Әуежай маңындағы жер учаскесінің 2006 жылғы құны 16 мың АҚШ доллары болса, осы тектес 20-30 жердің заңсыз құжаты дайындалып, сатылған. Ал заңсыз жер телімін сату үшін делдалдық етті деп айыпталып, алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалған Нұрайым Алданыштың ісі соттың алдында жатыр. Егер ол дәлелденсе әйел сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

[:]